Министр үй бағасына қатысты болжамын айтты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде тұрғын үй бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар іске асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды “Хабар 24“. Министрдің айтуынша, тұрғын үй нарығындағы бағаны тұрақтандыру үшін құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылмақ. Атамқұловтың пайымынша, жаңа өндірістер баспана бағасының шарықтауын тоқтатады. Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, бүгінде Қазақстанда керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді, алайда өндіріс көлемі аз. Сондықтан министрлік тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 пайыз қамтамасыз етуды жоспарлап отыр. Министрдің болжамынша, тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.