Министр: Келесі басшы Конституциядағы президент мерзімі туралы норманы өзгерте алмайды

Келесі президент Конституциядағы президент мерзімі туралы норманы өзгерте алмайды. 16 қыркүйекте журналистердің сұрақтарына жауап берген әділет министрі Қанат Мусин осылай деп мәлімдеді. “Бүгін Конституцияға президент мерзімін жеті жылға созу және президент бір ғана мерзімге сайлана алады деген нормалар қабылданды. Бұл баптар өзгеріссіз қалады. Яғни, келесі президент те, парламент те бұл нормаларды өзгерте алмайды” деді Қанат Мусин.