Министр кімдерге маска тақпауға болатынын айтты

Атап айтқанда, қоғамдық көлікте, тамақтану орындарында және даладағы қоғамдық жерлерде бетперде кию керек. Бірақ бірқатар санаттағы адамдарға ондай талап тарамайды. Олар – бес жасқа дейінгі балалар және спортпен айналысатындар. Далада жаттығу жасайтындардың саны бес адамнан артық болмау керек және арақашықтық сақталуы шарт. Бұдан бөлек, таза аудағы қоғамдық тамақтану орындарында бетперде тақпауға болады.

“Сонымен қатар, медициналық көрсеткіштер бойынша бетперде тағуға болмайтын адамдар маска кимесе болады”, – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.