Министрлік қазанда қатаң карантин болады деген қауесетке жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі 20 қыркүйек пен 15 қазаннан кейін Қазақстанда қатаң карантин болады деген қауесетке түсінік берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Бұл жалған мәлімет, қазақстандықтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және сенбеуге шақырамын”, – деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.