Министрлік шетелдіктердің жеке сәйкестендіру нөмірін алуына шектеу енгізбеген

Бұл қызметті қазір eGov сайтынан онлайн режимде алу мүмкін болмай отыр. Оған электронды порталдағы техникалық ақау себеп. Шетелдіктер ЖСН қажет болған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан оффлайн режимде рәсімдей алады», – дейді ішкі істер министрлігіндегілер. Ведомствоның дерегіне сәйкес, жыл басынан бері 90 100 шетелдік ЖСН рәсімдеді.