Мобильді аударымдарға салық салу: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Қазір желіде жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тұлғалар, яғни, такси жүргізушілері мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақша алып жатқаны туралы ақпарат тарауда. Аталған мәселеге қатысты қаржы министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл орайда салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер, жеке тұлғалардың жеке аударымдарын /кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден/ бөлуге арналған. Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды. “Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз. Мұнымен қоса, барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ.