Мысыр гуманитарлық дәліз ашады

Дәліз арқылы блокталған аймаққа шұғыл көмек жіберіледі. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жүздеген тонна гуманитарлық көмек Мысыр билігі жауып тастаған Газа шекарасында бөгеліп тұр. Мысырлықтар шекараны бүгін ашуға уәде берген. “Рафах қайта ашылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Мысыр, Израиль және басқалармен бірігіп, көмекті мұқтаж адамдарға жеткізу механизмін жасап жатырмыз”, – деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. Шетелдік палестиналықтар дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-дан бастап Мысыр шекарасынан өте алады. Соңғы мәлімет бойынша, Газаға жасалған шабуылдар салдарынан қаза тапқандар саны 2,4 мыңнан асты.