Мысырда коронавирус жұқтырып алған жасөспірім елге оралды

Өскемендік отбасы ұлдарын демалысқа барған елде қалдырып кетуге мәжбүр болған. Бозбалада тест арқылы қауіпті дерт анықталғанымен, оның бойында аурудың белгілері байқалмаған. Туроператор отбасыны ұлдарын Мысырда қалдырып, өздерін Қазақстанға оралуға көндірген. «Туроператор барлық жауапкершілікті өз мойнына алды. Жасөспірім қонақ үйде қалды. Барлық шығынды қонақ үй басшылығы көтеріп алды», – деп хабарлады «Туристік қамқор» қорынан. Олардың айтуынша, жасөспірімнің елге келуі мен емделуіне кететін барлық шығындар туристердің мойнына түсті деген ақпарат – жалған. Ұйым хаттамаға сәйкес әрекет етті: ереже бойынша жас жігітті қонақ үй бөлмесінде оқшаулап, тамақпен қамтамасыз етті, оның жағдайын бақылап, коронавирус бар-жоғын анықтайтын тест құнын төледі.