Нұр-Сұлтанға ұшып келген жолаушылардың бірінен коронавирус анықталды

Әкімдік мәліметінше, 30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әуежайдан бірден ол карантин стационарына жеткізіліп, қажет зертханалық тексерулерден өткен. Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері 4 сағаттан соң дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымсыз. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медициналық мамандары бақылайды дейді әкімдіктегілер.