Нұр-Сұлтан ата-аналардың оқушыларға орамал тағуға рұқсат беру туралы өтінішіне жауап берді

Қазақстанда мемлекеттік және жеке мектептерде хиджаб кию заңға қайшы. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлімдеді. Сейсенбі күні жергілікті ақпарат құралдары оның сөзінен үзінді келтірді. “Біз ешкімді дініне қарап алаламаймыз. Бізде зайырлы орта мектептер бар. Мектепке баратын кез келген адам білім және ғылым министрлігінің бұйрығын, діни бірлестіктер туралы заң мен Конституция талаптарын орындауы тиіс” деді Нүкежанов. Биыл қыркүйектің басында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәселені “діни контексте” қарауды жөн көрмейтінін айтқан. — Мәселе дінде емес. Қазіргі ереже бойынша мектеп формасы туралы талаптарға сәйкес келмейтін киіммен мектепке кіруге болмайды, — деді министр. Жақында бір топ ата-ана президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәлімдеме жолдап, қыздарына мектепке хиджаб киіп баруына рұқсат етуге және мектептерде намаз оқитын орын ашуын сұраған.