Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: үш адам жансақтау бөлімінде

Нұр-Сұлтанда дәмханадағы жарылыстан кейін үш адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басқармадағылардың мәліметінше, олардың бірі аса ауыр жағдайда жатса, екеуі ауыр жағдайда.

№ 1 және №2 көпсалалы ауруханаларға барлығы 23 адам жатқызылған. Ал амбулаторлық ем алуға жеңіл жарақатпен 11 адам жіберілген.

“Негізінен науқастар түрлі дәрежедегі термиялық күйіктермен, орташа деңгейдегі улы газдан уланумен, жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бір науқас жамбас сүйегінің жабық сынуымен травматология бөлімінде жатыр. Қалғандары комбустиология бөлімінде. Олардың жағдайы орташа ауыр, асқынусыз”, – деді ведомстводағылар.