Нұр-Сұлтан-Шымкент ұшағында жолаушы қайтыс болды

Оқиға Qazaq Air компаниясына тиесілі ұшақта болған. Компания мәліметінше, алдымен экипажға бір жолаушы ауырып қалғаны және шұғыл көмек қажет екені хабарланған. Бұл эшелонда ұшу кезінде белгілі болған. “Бортсерік жақындаған кезде жолаушы есінен танып қалған. Тексеру кезінде оның пульсі мен тыныс алуы баяулаған”, – делінген Qazaq Air хабарламасында. Жолаушыға жүрек-өкпе реанимациясы жасалған. Ұшақ командирі жақын жердегі Жезқазғанның әуе айлағына шұғыл қонды. “Ұшаққа келген дәрігерлер жолаушы қайтыс болғанын мәлімдеді. Qazaq Air әуе компаниясы жолаушының отбасы мен жақындарына көңіл айтады”, – деді әуе компаниясының баспасөз қызметі өкілдері.