Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген суреттер тарады. Онда “Қазақстан тәуелсіздігіне – 30 жыл” металл баннері құлағаны көрсетілген. Жарақат алған әйел мен жасөспірім қыз көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. “Зардап шеккен әйелдің жағдайы тұрақты, науқас толық айыққанша ауруханада болады және стационарлық ем алады. Ал жасөспірімнің жағдайы орташа. Дәрігерлер толық тексеру жүргізген соң, науқас амбулаторлық емдеуге жіберілді”, – деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.