СІМ Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы пікір білдірді

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесіне өмір бойына сотталған болатын. СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға беру мәселесі пысықталып жатыр. “Қазір екі елдің бас прокуратурасы арасында жаза мерзімін одан әрі өтеу үшін оны Қазақстанға беру мүмкіндігіне қатысты тиісті жұмыстар жалғасып жатыр”, – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі. Қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста. “Ол ағылшын және қытай тілдерін үйреніп жатыр. Денсаулығына қатысты шағым жоқ, көңіл күйі қалыпты”, – делінген СІМ хабарламасында.