Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жұмыс істей ме?

Нұр-Сұлтанда 22 қараша, жексенбіде қоғамдық көлік жүрмейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі City Transportation Systems сайтына сілтеме жасап.

“Елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша “сары” аймаққа кірді. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік демалыс күндері жүрмейді. Дүйсенбі, 23 қарашадан бастап қалалық және қала маңындағы автобустар әдеттегі кестеге сәйкес жолға шығады”, – деп түсіндірді компания өкілдері.

Олар тұрғындардан санитарлық нормаларды сақтауды және автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынғанын ұмытпауды сұрайды. Жолда жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.