Нұр-Сұлтандағы аурухана дәрігерлері жүкті әйелді қабылдамай қойған

Ақ халаттылар жүкті әйелді медициналық сақтандыру бойынша қарызы үшін ауруханаға қабылдаудан бас тартқан. Бұл туралы “Астана” телеарнасы хабарлайды. Жүктілік мерзімінің 8-аптасында әйелдің жағдайы нашарлап, қызуы көтерілген. Бала құрсағында қайтыс болғаны анықталған. Елордалық тұрғынның айтуынша, дәрігерлер құрсақтағы өлі сәбимен екі айға дейін жүруге болады, біз қабылдамауға құқылымыз деген. Содан жүкті әйелге жеке клиниканың көмегіне жүгінуіне тура келген. Қалалық №2 көпбейінді ауруханасының гинеколог-дәрігерінің түсіндіруінше, науқас ауырып қалса, медициналық сақтандыруы жоқ болса, жедел жәрдемге жүгінуі керек. Медициналық сақтандыру қоры осы жағдайдан кейін ауруханада тексеру жүргізген. Мамандар дәрігерлер іс-әрекетінен қате анықталмағанын айтты.