Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді – білім министрлігі

Қазақстанның білім және ғылым министрлігі қашықтан оқыту кезінде оқушыларды үй тапсырмасынан босатуды жөн көрді.

Тікелей эфирде өткен тамыз кеңесінде үй тапсырмасынан бас тарту жайлы айтылмаған еді. Бұл шешім туралы “Еуразия” бірінші арнасына берген сұқбатында министрліктің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

“Мұғалім оқу тапсырмаларын жариялайды. Яғни, биыл әдеттегі үй тапсырмасы болмайды. Kundelik.kz платформасында бір оқу тапсырмасы орналастырылады”, – деп түсіндірді Мелдебекова.