Орал қалалық полициясына жаңа басшы Сағындық Аяғанов тағайындалды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Сағындық Аяғанов бұған дейін Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған. Полковник шені бар.