Оралда түнгі мезгілде автокөліктердің жүрісіне шектеу қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 7 қарашадан бастап сағат 23:00 мен таңғы 06:00 аралығында тек қана арнаулы қызмет көліктері ғана жүре алады. Жаңа қаулы талаптарын бұзғандарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Жиын-тойлардан түнделетіп тарқайтын тұрғындардың қарасы көп. «Көлік қозғалысын шектеуге де осы себептен барып отырмыз», – дейді сала мамандары.