Қостанай екі аптаға карантинге жабылады

Коронавирус бойынша эпидахуалдың күрделенуіне байланысты Қостанай қаласы екі апталық карантинге жабылады. Бүгін аймақтық Жедел штаб отырысында осындай шешім қабылданды. Қазір осыған қатысты тиісті қаулы әзірленіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша дүйсенбіден бастап облыс орталығы әр жерден блок-бекеттермен қоршалады. Індет жұқтырушылардың күн сайынғы өсімі 10-нан асқан елді мекендерде де санитарлық бекеттер орнатылады. Бұдан былай қолында ПТР анықтамасы жоқ азаматтар облыс аумағына кіре алмайды. Кешкі сағат 9-дан таңғы 6-ға дейін тұрғындардың жүріп тұруына шектеу қойылды. Сонымен бірге такси мен автобустардың қатынау уақыты қысқарады. Қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау кешкі 20:00-ге дейін жүзеге асады. Бұған дейін жұмыс істеп келген сұлулық салондар, шаштараз, СПА-орталықтарының қызметі жексенбі күні тоқтатылады. Жаттығу залдары, фитнес, спорттық-сауықтыру орталықтары демалыс күндері жабық болады.