Оралда жиырма жастағы полицей өзін-өзі атып тастады

Полиция департаменті ол бірде-бір рет тәртіптік жазаға тартылмаған ұқыпты қызметкер болғанын атап өтті. Қайғылы оқиға үшінші желтоқсанда таңғы сағат 7.40-та Орал полиция басқармасы ғимаратында болды, деп жазды “Мой город”. Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, бір мезгілде қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.