Қостанай облысында жарылыстан 7 адам үйінді астында қалды

Оқиға “Амангелді” тұрғын үй кешенінде болған. ТЖД мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылысынан бір қабатты ғимарат қираған. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі де жарылыс болған жерге келді. Жедел штаб құрылды.