Қостанай қаласындағы №122 орта мектептің директорына бюджет қаржысын қалтасына басты деген айып тағылды. Бұл туралы облыстық сот хабарлады. Сот мектеп директоры қызметін атқарған азаматтың 2019 жылдың қазаны мен осы жылдың қаңтар айы аралығында қызметіне байланысты сеніп тапсырылған 1 955 300 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады. “Сот айыпталушыға келтірлген залалдың 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындады. Сондай-ақ бұдан бұлай ол мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Айыпталушы мемлекет есебіне 19 553 000 теңге айыппұл төлейді”, – делінген хабарламада.