Қостанайда картопқа бөлінген ақша қолды болды

Картоп тұқымына бөлінген 96 млн теңге ұрланған, деп хабарлайды «Хабар 24». Қостанай өңірінде бюджет қаржысын ұрлаған азамат ұсталды. Ол ауыл шаруашылығы тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде бөлінген қаражатқа бірнеше рет қол сұққан. Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті қазір алаяққа қатысты тергеу ісін аяқтады.