16 қыркүйекте парламент бірлескен отырысында Конституцияға енгізілетін бірқатар өзгерістер атап айтқанда, президент мерзімін жеті жылға созуды, Астана атауын қайтаруды және конституциялық сот судьяларының өкілет мерзімін 8 жылға ұлғайтуды мақұлдады. Осылайша “ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасын қабылдады. Құжат енді президентке қол қоюға жіберіледі.