Павлодар облысында 340 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды

Павлодар облысы ҚМА аумақтық басқармасы Ақсу қаласында су құбырын қалпына келтіруге бөлінген 340 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, “Дала” ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин орындалған жұмыстар актісіне қол қойған. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 340 миллион теңгеге материалдық залал келтірілген. Ақсу қалалық соты Мұздыбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің атына оны мемлекеттік награда – “Ерен еңбегі үшін” медалінен айыру туралы ұсыныспен 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековке 9 жыл бас бостандығынан айыру, Нұртазинге 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.