Павлодар облысында оқушы жүкті болып қалғаны үшін мектеп мұғалімдері жазаланды

Кәмелетке толмаған баланың жүктілігі үшін, тәрбие жұмысын нашар жүргізгені үшін мектеп директоры, орынбасары және сынып жетекшісі қатаң сөгіс алды. 8-сынып оқушысының жүкті болғанына 25 апта өткен. Оның жүкті екенін сынып жетекшісі байқаған. Оқиға туралы мұғалімдер полиция мен прокуратураға хабарлаған. Білім бөлімі мәліметінше, қызды өгей әкесі тәрбиелеген. «Ер адам ұсталды. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті қамауға алынды. Өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деді облыстық полиция қызметкерлері. Кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық жасағаны үшін ер адам 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мектеп оқушысы қашықтан оқытуға көшті.