Павлодарда науқас балаларды кереуетке жіппен байлап қойғандар сотталды

Павлодарда науқас балаларды кереуетке жіппен байлап қойғандар сотталды. Санитар-мамандар оларды ұрып-соққан. Балалар психоневрологиялық орталығының екі қызметкеріне қатысты сот жабық режимде өтті деп хабарлайды 24.kz. Мамандардың балаларды жәбірлеу фактілері бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру барысында анықталды. Қоса кетсек, енді бейнебақылау камераларын ата-аналар кез келген уақытта қарай алады. Айыпталушылар өз кінәларын толық мойындады. Бұл оқиға бойынша 16 іс қозғалған. Қазір соттың қарауында тағы 9 іс жатыр. Сот орталық қызметкерлерін кәмелет жасқа толмағандарды азаптағандары үшін 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сот үкімдері заңды күшіне енді.