Петропавлда карантин күшейтіледі. Себебі Солтүстік Қазақстан облысы «сары» аймаққа өтті. Жергілікті мемлекеттік бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша дүйсенбіден бастап жабық ғимараттардағы боулинг, бильярд, банкет залдары мен балалардың ойын алаңдары жабылады. Балабақшаларда тек кезекші топтар ғана жұмыс істейді. Өңірде ауру жұқтырған адам саны артып барады. Қазір 160 науқас қолдан дем беру аппаратында жатыр. Облыс бойынша вакцинаның бірінші компонентін 130 мың адам алған. Науқастардан алынған зертханалық үлгілердің ПТР скринингінің нәтижиелерінше, 4 үлгіден дельта штамы анықталған.