Pfizer өз қызметкерлерінен COVID-19 қарсы екпе салдыруды талап етпейді – фейк

Қазақстандықтар мессенджерлерде Pfizer компаниясы өз қызметкерлерінен COVID-19-ға қарсы вакцинациялануды талап етпейтіні туралы хабарлама тарады. Шын мәнінде, бұл – жалған ақпарат, деп хабарлайды stopfake.kz. Pfizer компаниясы қазан айының басында АҚШ аумағындағы барлық қызметкерлер ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін COVID-19-ға қарсы вакцинациялануы тиіс деп мәлімдеді. Вакцинаны белгіленген мерзімде алмағандарға әкімшілік шаралары қабылданады, тіпті жұмыстан да босатылады. Сонымен қатар, бұған дейін компания вакцинацияланбаған қызметкерлер үшін апта сайынғы ПТР тест тапсыру жолын қарастырған болатын. Демек, вакцинаны жасаған компания онымен өз қызметкерлерінің егілуіне жол бермейді деген қауесет жалған.