Маңғыстау облысының полиция департаменті үш баласын өлтірді деген күдікке ілінген ер адамның “Жусан” бағдарламасымен Сириядан келгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. “Учаскелік полиция инспекторының биыл наурызда балаларын өлтірген Ақтау тұрғынына қатысты мәлімдемесі тексерілген. Полицей күдікті қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі “Жусан” бағдарламасының қатысушысы болғанын және есепте тұрғанын айтқан еді. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Сондықтан қызметкермен алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді”, – делінген хабарламада.