Министр жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев бағдарламаға қатысудың жаңа талаптары 15 мамырға дейін жарияланатынын айтты. “Әркімнің қатысуға құқығы бар, бағдарламаны одан әрі жетілдіру қажеттілігі бар. Біз белгілі бір мөлшерден жоғары жалақы алатындар бағдарламаға қатыса алмайтындай ең жоғары жалақы шегін белгілейміз. Қарап, зерттеп жатырмыз. Барлық өзгеріс бағдарламаны келесі іске қосқанда күшіне енеді”, – деп түсіндірді министр. Еске сала кетейік, бағдарламаның операторы Өнеркәсіпті дамыту қоры. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына бірден төрт тармақ бойынша өзгерістер енгізу жоспарланған. Алғашқы тармақтардың бірі – автокөлік үшін бастапқы жарнаны енгізу.