Полиция департаменті қазақстандық дизайнердің өліміне қатысты пікір білдірді

Полиция мәліметінше, ер адамдардың арасындағы даудың соңы төбелеске айналған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.. Нәтижесінде олардың біреуі құлап, екіншісі қылмыс орнынан жасырынуға асыққан. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті дизайнер жүріп жүрген қыздың туған ағасы. Полиция мәліметінше, ер адам қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.