36 жастағы Қырғызстан тумасы инвестициялық пирамида құру бойынша күдікке ілінгендердің қатарында бар. Қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартау шарасы таңдалған. Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді.