Премьер-министр Әлихан Смайылов бензин мен дизель бағасына қатысты мәлімдеме жасады

Премьер-министр: «Бұл оңай шешім емес. Қазір мұнай өнімдерінің бағасын қайта қарамасақ, жанармай тапшылығы болады. Бағаны өсіруге мәжбүрміз». Министрлер кабинетінің басшысы үкімет отырысынан кейін журналистер алдына шығып осылай деді. Еске салайық, кеше энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов бензин мен дизель отынының қымбаттағанын мәлімдеген еді.