Премьер-министр Әлихан Смайылов шаруаларға субсидияны толық төлеуді тапсырды

Бүгін үкімет отырысында егін жинау науқанына қатысты өзекті мәселелер қаралды. “Биыл еліміздің егіншілері үшін қолайсыз жыл болды. Жаздың 2 айындағы аптап ыстықтың соңы күзгі жауын-шашынға ұласты. Бұл астықтың түсімін азайтып, жұмыс қарқынын едәуір бәсеңдетіп жіберді. Энергетика министрлігі астықты кептіру үшін қосымша көлемде дизель отынын бөледі. “Бәйтерек” холдингі несиелер бойынша қарыздарды қайта құрылымдап, қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен фермерлер үшін айыппұл санкцияларын салмай, Азық-түлік корпорациясының желісі арқылы тауарлық несие мерзімдерін ұзартып отыр. Ауа райының қолайсыздығы форс-мажорлық жағдай ретінде танылуы тиіс. Субсидияларды толық көлемде төлеу керек”, – деді Әлихан Смайылов.