Премьер-министр Мамин коронавирустың жаңа толқынына дайындалуды тапсырды

Үкімет басшысы Асқар Мамин әлем бойынша 126 мемлекетте коронавирус жұқтырғандардың жаңа өсімі тіркеліп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Пандемияның жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін және оған дайын болуымыз керек. Оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған іс-шаралар кешенін іске асыру қажет”, – деп атап көрсетті Мамин.