Бүгінде Ақтау қаласын еліміздің басты туризм орталығының бірі ретінде дамыту көзделіп отыр. “Теңіз жағасындағы қала қазіргі заманғы озық талаптарға сай болуға тиіс. Облыс орталығындағы ескі үйлердің мәселесін шешу қажет. Қалада мұндай 280 үй бар. Үкіметке Ақтау қаласындағы тұрғын үйлерді жаңғырту жөнінде арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын”, – деді мемлекет басшысы.