Алматыда сәбилерді сатқандар ұсталды

Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлайды. Полиция мәліметінше, қалада балалардың туу туралы куәлігін дайындаумен, баласынан бас тартуға дайын жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасыларды іздеумен айналысқан қылмыстық топ анықталған. Топ құрамында АХАЖ бөлімінің қызметкерлері де болған. “Келісімшарт сомасы 1-2 миллион теңгеге тең. Жалған құжат және анықтама 700 теңгеге сатылған. Бүгінде алты бала саудасына қатысы бар адамдар анықталды”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр. Бес күдікті ұсталды, оның бәрі қамауға алынды.