Тоқаев Маңғыстаудағы жұмыссыздарға қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы облыстағы тоқтап тұрған өндірістерді қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Президент Маңғыстауда халықпен кездесуінде өңірде соңғы бес жылда бірқатар ірі өндіріс орындары тоқтап тұрғанын айтты. “Жұмыссыз азаматтардың наразылығын жақсы түсінемін. Үкімет бұл өндірістерді қалпына келтіру үшін жедел түрде тиімді шаралар қабылдауы керек, қажет болған жағдайда ең жақсы нұсқаларды іздеу қажет. Бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар құру да маңызды. 2023-2026 жылдарға 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құру арқылы құны бір триллион теңгеден асатын 29 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Үкімет пен әкімдікке жоспарланған барлық жобаның уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырамын”, – деді Тоқаев.