Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Ұлттық қор – балаларға” жаңа бағдарламасын бастауды тапсырды

“Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуға тиіс. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақтаушы шоттарына мерзімінен бұрын алу құқығынсыз аударуды ұсынамын. Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге Нағыз жолдама береді. Қор шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүдделеріне қызмет етеді. Осы ауқымды жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын”, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.