“Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. “Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу” әдетінен арылу керек. Есесіне, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады. Бізге “кәсіпкерлердің жаңа толқыны” керек”, – деді Тоқаев.