“Құны 3,1 миллиард теңге болатын мектептің құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталған. Қазіргі уақытта шатырдың сапасы, ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру бойынша ақаулар анықталды. Тиісті шаралар қабылдау үшін тексеруге уәкілетті органдардың мамандары тартылды”, – делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында. Еске салайық, Алматы облысы Талғар қаласының тұрғындары 1200 орындық жаңа мектептің сапасына наразы болған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мектеп дәретханасы далада орналасқан. Мектептің қабырғалары жарылып, сыз тартып, төбесі опырылып жатыр. Ал мектептің бюджетіне үш миллиард теңге жұмсалған.