ПТР-тест пен вакциналау паспортын тексеруге қатысты бұйрық әзірленді.

Құжатта тексеріс қалай жүргізілетіні айтылған. Одан бөлек, кәсіпкерлер үшін заң бұзушылықтардың дәрежесі көрсетілген. Еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері әзірленді. “Ашық НҚА” сайтында денсаулық сақтау және ұлттық экономика министрлерінің бірлескен бұйрығының жобасы жарияланды. Атап айтқанда, егер нысанда санитариялық-эпидемиологиялық аудит жасалып, сәйкестік туралы есеп берілсе, онда ол тексерістен бір жылға босатылады деген тармақты алып тастау ұсынылып отыр. ПТР-тест пен вакциналау паспортының жоқтығы өрескел тәртіп бұзушылық болып саналады. Бірлескен бұйрықта 26 норма бар. Ал тәртіп бұзушылықтар өрескел, елеулі және елеусіз болып үшке бөлінген. Құжат 20 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.