Құрбандықты онлайн шалуға арналған сайт іске қосылды

Ниет білдіргендер құрбандыққа шалынатын малды сайт арқылы онлайн режимде таңдап, қаражатты көрсетілген деректемелерге аудара алады. Мал сойылғаннан кейін фото және бейне есеп тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөміріне жіберіледі. Естеріңізге сала кетейік, биыл Құрбан айт шілденің 9, 10 және 11 күндеріне келіп тұр.