Ресей Газа секторына 28 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі осылай деп хабарлады. Көмек Ресей президенті Владимир Путиннің нұсқауымен ұйымдастырылды. Гуманитарлық көмекті Газа секторына әрі қарай жөнелту үшін Мысырдың Қызыл жарты ай қоғамының өкілдеріне беріледі. Қазан айында да Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы Газа секторының тұрғындарына 27 тонна азық-түлік жеткізген. Естеріңізге сала кетсек, Палестиналық ХАМАС содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасады. Олар бірнеше шекаралық елді мекенді басып алып, 1,4 мың адамды өлтіріп, біразын кепілге алды.