Әділетсіздік болса, үнсіз қалмауымыз керек

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған осылай деп Газадағы соғысқа жеке тоқталды. «Мешіттер жарылып, босқындар, ауруханалар бомбаланып, күнәсіз балалар өліп жатыр. Бұл зорлық-зомбылықты еш ақтауға болмайды. Адамзатқа қарсы қылмыстар 28 күн бойы Газада болып жатыр. Түркияда біз гуманитарлық саясат ұстанып отырмыз. Бейбіт халыққа қарсы шабуылды қолдамауымыз керек. Қарулы қақтығысты аяқтау керек. Мұсылман, еврей, христиан болсын, бейбітшілікте өмір сүру керек. Сол үшін 10 ұшақ гуманитарлық көмекті Газаға жібердік. Мүмкіндік болса тағы да жібереміз. Қарулы қақтығыстар аяқталып, түркі елдері бейбітшілікті қолдайды деген үміттеміз», — деді Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде.