Желтоқсаннан бастап Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдейді

Ресейге ұзақ мерзімге жалға берілген Байқоңыр аумағы ерекше күзетілетін нысан. Әскерилер қалаға кіріп-шыққандардың барлығын тексереді. Енді тұрғындарға Байқоңыр қаласына кіріп-шығу үшін алдын ала рұқсат алып, құжат тапсырудың қажеті болмайды. Үкіметаралық келісім бойынша Байқоңыр халқы сырттан қонақ келетін болса, арнайы режим комиссиясына он күн бұрын өтініш береді. Енді 1 желтоқсаннан бастап әкімдікте қалаға келген отандастарға рұқсат қағазын жазып беретін жауапты маман отырады.