Оны инфекцияның таралуына қарсы күрес жөніндегі федералдық жедел штабтың мәліметінен байқауға болады. Кейінгі бір тәулікте Ресейде 6760 адамнан коронавирус анықталған. 147 науқас қайтыс болып, 6047 адам дерттен жазылған. Осылайша Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны бұрынғыдан 566 адамға көбейген. Бұған дейін екі тәулік бойы бұл көрсеткіш төмендеп келген болатын.