Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов инфекциялық стационардан шықты

Қазір амбулаториялық емін жалғастыруда», – деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният. Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Елжан Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылып , оның орнына Алексей Цой тағайындалған еді. Оның алдында Елжан Біртановтың КВИ жұқтырып алғаны хабарланған.